Skip to main content

2025 жылдан бастап сәнді үйлер мен автокөліктерге салық көтеріледі

Submitted by Вера Александрова on

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин жаңа Салық кодексі аясында қандай үйлер мен көліктер сәнді деп есептелетінін айтты. 

Informburo.kz деректері бойынша, вице-министр ОСК-дағы брифинг кезінде мыналарды ұсынылып жатқанын атап өтті: 

  • жалпы құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік объектілеріне мүлік салығының жоғарылатылған мөлшерлемелері; 
  • кедендік құны 75 млн теңгеден асатын жеңіл автокөліктерге акцизді қосымша салу; 
  • қымбат алкоголь және темекі өнімдеріне, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшатын аппараттарға акцизді қосымша салу. 

Жаңа Салық кодексі 2025 жылдан бастап күшіне енетіні, оны қазан айында қабылдау жоспарланып отырғаны хабарланады. 

Бұған дейін үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдегендей, қазіргі уақытта елде инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау мен бюджетке түсетін түсімдер арасындағы теңгерімді қамтамасыз ететін жаңа Салық кодексі әзірленуде. 

Сонымен қатар мемлекет басшысы жаңа Салық кодексін қалыптастыру жұмысы әзірге оның күткен үмітін ақтамайтынын атап өтті.