Skip to main content

16 млрд ЖЭО жаңғыртуға үкімет бөлді

Submitted by Вера Александрова on

Үкімет резервтен Кентау, Риддер және Қызылорда жылу көздерін қайта жаңарту мен күрделі жөндеуге шамамен 16 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Кентаудағы ЖЭО-5 қазандықтарын қайта жаңартуға 9 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Риддер ЖЭО-ның жабдықтары мен инфрақұрылымына күрделі жөндеу жүргізуге – 4,9 млрд теңге. Қызылордадағы оңтүстік қазандықтың үш бу қазанын қайта жаңартуға – 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

Сондай-ақ, 2024 жылы жылыту маусымына дайындық шеңберінде Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Ақтау, Тараз, Петропавл, Павлодар, Жезқазған, Ақтөбе, Екібастұз, Степногорск, Рудный, Балқаш және Ақсу қалаларында 10 энергоблокты, 55 қазанды және 45 турбинаны жөндеу жоспарланғаны белгілі болды.

«Сондай-ақ, инвестициялық келісімдер аясында Екібастұз ГРЭС-1-де №1 энергоблокты қалпына келтіру және Атырау ЖЭО мен Топар ГРЭС-інде турбоагрегаттарды ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, Екібастұз ГРЭС-інде №3 энергоблокты салу, сондай-ақ Өскемен ЖЭО мен Қарағанды ЖЭО-3 кеңейту жобалары жоспарлануда», - деп мәлімдеді Үкіметте.

Сонымен қатар, осы жобалардың барлығын іске асыру 1500 МВт-тан астам жаңа қуаттарды енгізуді қамтамасыз ететіні хабарланады.