Skip to main content

159 млн ұрлаған ҚТЖ әскерилендірілген теміржол күзетінің басшылары

Submitted by Вера Александрова on

Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС бас директоры Наханов Б., оның орынбасары Мукатаева А. және менеджері Сидиков Р. қатысты үкім шығарды. 

Антикор баспасөз қызметінің мәліметінше, олар бейнебақылау жабдықтарын сатып алуға бөлінген 159,4 млн теңгені жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. 

Сонымен қатар, Наханов лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін сотталды. Ол әскерилендірілген теміржол күзетінде жүргізуші ретінде адамды жалған жұмысқа орналастырғаны хабарланды. 

Нәтижесінде сот Нахановқа 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Мукатаева мен Сидиков 7 жыл бас бостандығынан айыруға сотталды. 

Сонымен бірге олар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды.