Skip to main content

130 млн ұрлаған Астана мектебінің бухгалтерлері

Submitted by Вера Александрова on

Астана прокуратурасы мектептердің бірінде жүргізілген тексеру нәтижесінде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыскерлер 7 жыл бойы жоқ жұмысшыларға жалақы мен сыйақы аударып келген.

Мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 130 млн теңгеден асқаны хабарланды. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері кінәсін толық мойындады.

Нәтижесінде сот оларды кінәлі деп танып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ сотталғандардан мемлекет пайдасына келтірілген материалдық залал өндірілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай, Қызылорда облысында «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Ибрагимова Б., ММ бас бухгалтері Аязбаева К. және 24 мектептің бухгалтерлері 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сол кезде сот мекеме басшысы мен бас бухгалтеріне 8 жыл бас бостандығынан айыру, мектеп бухгалтерлерінің біріне кәмелетке толмаған баласының асырауында болуына байланысты 5 жыл мерзімге кейінге қалдырыла отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.