Skip to main content

11 млн ұрлады Алматы мектебінің директордың орынбасары мен бас бухгалтері

Submitted by Вера Александрова on

Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасы қалалық мектептердің бірінде жалақыны негізсіз есептеу жолымен жасалған бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады. 

Алматы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылғы қаңтардан 2023 жылғы тамызға дейін бас бухгалтер және шаруашылық бөлімі жөніндегі директордың орынбасары қызметтік жағдайын пайдалана отырып, мемлекеттік бюджеттен негізсіз төлемдерді есептеген. Келтірілген залал 11 млн теңге деп бағаланған. 

Кінәлілерге 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Сотталғандар залалды толық өтеген. Үкім заңды күшіне енгені хабарланды. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін белгілі болғандай, Алматы облысының Антикор өкілдігі «Алматы облысы Іле ауданының Білім бөлімі» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. 

Ол 680 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінген. Тергеу оның Іле ауданының орта мектептерінде жұмыс істейді деген жалған қызметкерлерге жалақы есептеген деп есептейді.