ШЫҰ саммитінің бірінші күні ҚХР мен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДАИӨМ) бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды.
Ведомство басшысы Жаслан Мадиев Facebook-тегі парақшасында хабарлағандай, олардың бірі Техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім болды, оның аясында Қытай Қазақстанға ғарыш саласын дамыту үшін өтеусіз негізде 100 млн юань (шамамен 6,4 млрд теңге) мөлшерінде грант береді.
«Осы келісімді дамыту үшін біздің мемлекеттік органдар арасында жоғары технологиялар саласындағы жобаларды ілгерілету жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға да қол қойылды, дәл осы құжат Қазақстанның ғарыштық қызметіне арналған грантты пайдалану бағытын анықтайды. Қазір жобалар талқылау сатысында», - делінген хабарламада.
Министрдің айтуынша, бұл ақшаға біздің ғылыми институттардың базасында Қытай мамандарымен бірлесіп есептеу астрономиясын және астрофизикалық зерттеулер саласындағы модельдеуді дамыту, ғылыми-техникалық инфрақұрылымды нығайту, тәжірибе және білім алмасу, ҚХР өндірістік алаңдарында оқыту мен тағылымдамадан өткізу жүзеге асырылады.Сонымен қатар, Халықаралық ғылыми ай станциясын құру және пайдалану процесінде ынтымақтастық жоспарлануда.
«Осының арқасында біздің мамандар алыс ғарышты зерттеу саласында жоғары технологияларды қолдануда құзыреттер мен тәжірибе алады. Атап айтқанда, «Ғалам» ЖШС және «В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институт» ЖШС отандық ай маңы телескопын әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр», - деді Мадиев.
Сонымен қатар, ЦДАИӨМ қытайлық Deep Blue Industry Co., LTD компаниясымен қол қойылған меморандум аясында бірлескен жобаларды іске асыру және ғарыштық қызметте ынтымақтастықты дамыту үшін инвестициялар тартуды және ҚХР өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігімен IT-саласындағы әріптестікті дамытуды жоспарлап отыр.«Озық тәжірибе мен технологиялар алмасуды жақсарту, IT-мамандарды даярлау деңгейін арттыру, үлкен деректер және Заттар интернеті сияқты негізгі салаларда инновациялық шешімдерді дамыту көзделуде», - деп түйіндеді министр.
Фонд-бюро расследования коррупции