Степногорск қаласында Ақмола облысындағы көпсалалы қалалық аурухананың «Г және Е» операциялық блогын салу кезінде бұзушылықтар анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша мердігермен келісімшарт бұзылып, тапсырыс беруші 80 млн теңгені қайтару туралы талап-арыз берді.
ТЕКСЕРУ НЕНІ АНЫҚТАДЫ
Ақмола облысы прокуратурасының дерегінше, медициналық нысанды салу кезінде заңнаманың сақталуына тексеру жүргізілді. Мердігер құрылыс нормаларын бұзғаны анықталып, бұл жұмыстардың сапасыз орындалуына әкелді.
Сондай-ақ бюджет қаражатының негізсіз төленуі тіркелді.
«Бұзушылықтар техникалық және авторлық қадағалау, сондай-ақ тапсырыс беруші тарапынан тиісті бақылаудың болмауы салдарынан орын алды», — делінген хабарламада.
ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНДЫ
Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижелері бойынша мердігер ұйыммен келісімшарт бұзылды. Тапсырыс беруші 80 млн теңге бюджет қаражатын қайтару туралы талап-арызбен сотқа жүгінді.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармасының екі лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
ЖОБА ҚАЗІР ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА
Қазіргі уақытта жаңа мердігерді анықтау бойынша шаралар қабылдануда. Операциялық блоктың құрылысын қысқа мерзімде аяқтау жоспарлануда.
Прокуратура бюджет қаражатын заңдылық пен тиімді пайдалану мәселелері тұрақты бақылауда қалатынын атап өтті.
Фонд-бюро расследования коррупции