(11 ақпан 2026 жыл | Дереккөз: BES.media)
Астанада қоғамдық көлікте жол ақысын төлемей жүруге жасалған жүздеген мың әрекет тіркелді. Заңбұзушылардың бір бөлігі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұлдардың жалпы сомасы 147 млн теңгеден асты. Тасымалдаушылар үшін бұл жолаушылардың тәртібі ғана емес, бүкіл бағыт желісінің тұрақтылығына қатысты мәселе.
ҚАНША ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
Тегін жолаушылар туралы мәселені BES.media оқырмандары «Шенеуніктерге сұрақтар» айдары аясында көтерді.
Әкімдік мәліметінше, 2025 жылғы қаңтар мен қараша аралығында бақылаушылар жол ақысын төлемеген 233 мыңға жуық фактіні тіркеген.
Оның ішінде 18 703 жолаушы әкімшілік хаттама алды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 147 080 392 теңгені құрады.
Тұрғындар жол ақысын төлемеу салдарынан Жибек жолы, Қоянды ауылдары мен Қосшы қаласын Астанамен байланыстыратын қала маңы бағыттарының қысқартылып жатқанын атап өтті.
ТӨЛЕМДІ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРЕДІ
Әкімдік қала маңы бағыттарында тұрақты мониторинг жүргізілетінін хабарлады.
Көліктік бақылау департаменті мен бақылау-желілік қызметінің қызметкерлері QR-түбіртектердің және көлік карталарын валидациялаудың бар-жоғын тексереді.
Жекелеген рейдтер полициямен бірлесіп өткізіледі. Мәселен, 2025 жылғы 1-3 қараша аралығында 279 жолаушыға 2 194 056 теңге көлемінде айыппұл салынды.
ЗАҢ БОЙЫНША АЙЫППҰЛ МӨЛШЕРІ
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 622-бабының 2-бөлігіне сәйкес:
- жол ақысын төлеуден жалтару — 2 АЕК (8 650 теңге);
- қалалық және қала маңы автобустарын пайдалану ережелерін бұзу — 1 АЕК (4 325 теңге).
Фонд-бюро расследования коррупции