Павлодарда №27 мектепті тексеру кезінде көптеген бұзушылықтар анықталды. Оқу орнының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болды. Сонымен қатар, мектеп асханасының жертөле бөлмесінде орналасқаны анықталды.
Бұл туралы Instagram-дағы парақшасында хабарлады Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гүлжайна Дәрімова.
«Неге 27 мектептің балалары өрт шығу жолы жоқ жертөледе тамақтанады? Жөндеу жоқ. Қорқынышты жиһаз, балалар киімдерін, колготкаларын жыртып алады. Егер өрт шығып кетсе, сіздер балаларды сол жерде тірідей көмесіздер», - деп жазады Гүлжайна Дәрімова.
Сонымен қатар депутат мектепте 4 жыл бойы директор жоқ екенін хабарлады.
«Маған директордың міндетін атқарушыны тағайындап, неге директорды қоймайтыны қызық. Иесі болмаған жерде тәртіп те болмайды. Менің ойымша, барлық мектепте директорларды міндетін атқарушы емес, тұрақты жұмысқа алу керек», - деп пікір білдірді депутат Дәрімова.
Орынды сұрақ туындайды: үш қабатты оқу орнында - еліміздің ең индустриялды дамыған аймақтарының бірінің облыс орталығында - мектеп асханасына басқа, қолайлы әрі бастысы, қауіпсіз орын табылмады ма?
Фонд-бюро расследования коррупции