Су ресурстары министрлігі ««Қазгидрогеология» Ұлттық гидрогеологиялық қызметі» (ҰАҚ) коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» жобасын әзірледі. Ведомство жер асты су ресурстарын басқарудың барлық процестері мен кезеңдерін цифрландыру үшін құрылады.
zakon.kz деректері бойынша, ҰАҚ құру бойынша ұйымдастырушылық рәсімдерді мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, қаржы министрлігі, сондай-ақ су ресурстары және ирригация министрлігі өз мойнына алады.
«Қаулыға сәйкес, су ресурстары және ирригация министрлігі мен қаржы министрлігі Ұлттық гидрогеологиялық қызметтің жарғысын бекітуі, ұйымды әділет органдарында тіркеуі, қызмет атынан мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға және оны басқару органдары құрылғанға дейін үшінші тұлғалар алдында ұйымның мүддесін білдіруге уәкілетті адамды таңдауы тиіс», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қазіргі уақытта Қазақстан экономикасында жер асты суларын пайдалану үлесі 7-10% құрайтынын айтты. Оның сөзінше, ҰАҚ құру ауыз сумен жабдықтау, суару және жайылымдық мал шаруашылығы үшін ресурстарды белсенді пайдалануға мүмкіндік береді.
Жоба орналастырылған «Ашық НҚА» порталында 2024 жылғы 19 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.
Фонд-бюро расследования коррупции