Skip to main content

Мыңдаған бұзушылықтар мен ондаған заңсыз полигондар Маңғыстау облысында анықталды

Submitted by Вера Александрова on

Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында былтырғы сәуір айынан бастап 17 714 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құқық қорғау органдары 21 заңсыз ретсіз қоқыс полигонын анықтады. Осы фактілер бойынша уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар енгізілді.

Сондай-ақ полицейлер белгіленбеген жерлерге құрылыс қалдықтарын заңсыз төгетін 21 жүк көлігін анықтады. Көліктер айыппұл тұрағына қойылды.

Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы («Қалалар мен өзге де елді мекендер аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу») бойынша 12 313 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы («Жалпы пайдалану орындарын ластау») бойынша – 5 401.

Еске сала кетейік, бұған дейін астаналық Қазыбек би 7 және Қазыбек би 7/2 көшелеріндегі үйлердің тұрғындары Кіші Талдыкөл көлінің жанындағы болашақ экопарк аумағында жұмыс жүргізіп жатқан құрылыс компаниясына шағымданған болатын.

Қала тұрғындары нысанға КамАЗдар кіріп, бетон қалдықтарын төгіп, пайдаланылған асфальт пен басқа да құрылыс қоқыстарын көл жағасына тастайтынын айтқан. Олар сөздерін дәлелдеу үшін құрылыс алаңынан видео түсіріп алған.