Қазақстанда алдағы екі жылда жаңа мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындар құруға болмайды. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Құжатта айтылғандай, 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін елде квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий қолданылатын болады.
"Қоспағанда: ҚР "Мемлекетке заңсыз сатып алынған активтерді қайтару туралы" Заңының орындалуын қамтамасыз ету қажеттілігі, Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей тапсырмалары бойынша ерекше жағдайлар", - делінген хабарламада.
Қаулы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 8 мамырдағы "Экономиканы ырықтандыру шаралары туралы" Жарлығын іске асыру аясында қабылданғаны атап өтілді.
Еске салайық, өткен жылы белгілі болғандай, 2021 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған кешенді жекешелендіру жоспарына мемлекетке және квазимемлекеттік секторға тиесілі 669 нысан кірген.
Сол кезде Алматыда 71 компанияны саудаға шығару жоспарланып, бұл бюджетті 12,3 млрд теңгеге толықтыруға мүмкіндік береді деп хабарланған.
Сол кездегі қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев компаниялар тізімінен 368 нысанды сату немесе кейіннен сатып алу құқығымен басқаруға беру туралы жариялап, бұл бюджетке 312 млрд теңге әкелген.
Фонд-бюро расследования коррупции