Skip to main content

Жалпы құны 156 млн теңге болатын жерлерді Ақтөбедегі прокурорлар мемлекет меншігіне қайтарды

Submitted by Вера Александрова on

Прокуратура Ақтөбе мақсаттық бағытқа сәйкес келмейтін жер учаскелерін заңсыз беру фактісін анықтады. 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, қалалық әкімдік бау-бақша серіктестігіндегі қала тұрғындарының біріне ғимараттар мен құрылыстар салу үшін 0,1 га жер учаскесін берген.

«Әкімдік берген учаске «Самара-Шымкент» халықаралық трассасының бойына ауыстырылған, ал қаланың Бас жоспарына сәйкес бұл учаске жасыл аймақ болып табылады, онда ғимараттар мен құрылыстар салуға тыйым салынған. Сонымен қатар, учаскені ауыстыру барысында кадастрлық құны 102 млн теңге болатын 3,9 га қосымша жер учаскесі бөлінген», - делінген хабарламада.

Нәтижесінде прокурорлық қадағалау шараларымен жалпы құны 156 млн теңгеден асатын 6 га заңсыз берілген жер мемлекетке қайтарылды.