Skip to main content

Зейнеткер-мүгедек 1690 теңге қарыз үшін жарығын өшірді

Submitted by Вера Александрова on

Ақмола облысынан келген егде жастағы ер адам электр қуатын қосуға көмек сұрап, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметіне жүгінген. 

Хабарланғандай, еңбек ардагері, II топтағы мүгедек жалғыз тұрады. 

Маусым айының соңында үйіне оралған ол жергілікті энергожелі қызметкерлерін кездестіріп, олар пәтеріндегі электр қуатын ажыратып жатқан. Зейнеткер жарықты өшірмеуді сұраған, алайда оның өтініші еленбеген. 

Белгілі болғандай, өтініш берушінің 1690 теңге көлемінде берешегі бар.

«Барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін, зейнеткер өкілдің сүйемелдеуімен ГЭС-ке келіп, берешегін төледі. Қазіргі уақытта өтініш берушіге электр қуаты айыппұл санкцияларынсыз қосылды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, зейнеткердің электр энергиясы үшін төлемдерді қанша уақыт бойы төлемегені және жергілікті қызмет көрсетушінің жарықты өшіру туралы ескертулер жіберген-жібермегені туралы хабарланбайды. 

Еске салайық, биылғы жылдың мамыр айында құқық қорғау органдары құрамына заңгерлер, адвокаттар мен нотариустар кірген 28 адамды ұстаған болатын. Қаскөйлер қорқыту және күш қолдану арқылы зейнеткерлердің, мүгедектердің және алкоголь мен есірткіге тәуелді адамдардың пәтерлерін қоса алғанда, мүлікті заңсыз қайта ресімдеген.