Департамент Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Алматы филиалы «Warner Bros» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша тергеуді аяқтады.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдастырушылар жобаға қатысы жоқ голливудтық компанияның брендін пайдаланған.
Салымшыларға бейнероликтерді көру және жаңа адамдарды тарту арқылы жоғары табыс уәде етілген.
Схема тоғыз деңгейден тұрған, салымның орташа сомасы шамамен 225 мың теңге болған. Төлем тек USDT криптовалютасымен қабылданған.
Жарнама әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жүргізілген: әкімшілер чаттар құрып, онлайн-оқыту өткізіп, нұсқаулықтар мен роликтер таратып, табыстың жылдам өсуін уәде еткен.
Тергеу салымшылардан қаражат жинау және оларды транзиттеу үшін пайдаланылған криптоәмияндарды анықтады. Сот санкциясымен криптоактивтерге 3,8 млн USDT (1,9 млрд теңге) сомасында тыйым салынды.
Нәтижесінде сот пирамида ұйымдастырушысына 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ, сот 40 зардап шеккеннің азаматтық талаптарын қанағаттандырды, олардың залалы тәркіленген активтер есебінен өтелетін болады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Фонд-бюро расследования коррупции