Қызылордада «Даму бала» платформасы арқылы қызмет көрсеткен кәсіпкерлерден 88 млн теңгеден астам қаражатты жымқыру ісі бойынша үкім шығарылды. Жымқырылған қаражат балалар спорты мен шығармашылығын қолдауға арналған еді.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) тергеуін Қызылорда облысы бойынша департамент жүргізген.
Тергеу барысында әкімдік жанындағы мониторингтік топтардың құрамында болған бір қатысушы күдіктімен бірлесіп, кәсіпкерлерге тексеру нәтижелерін «реттеуге» көмектескені анықталды.
Нәтижесінде іске қатысты айыпталушылар 88 млн теңгеден астам қаражат алған, оның бір бөлігі коттедж мен автокөлік сатып алуға жұмсалған. Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.
Сот айыпталушылардың бірін кінәлі деп танып, оған мүлкін тәркілей отырып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Оның күдіктісі шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында ҚМА Қызылорда облысы бойынша бірнеше қоғамдық ұйым мүшесіне қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған еді.
Хабарланғандай, әйел адам «Даму бала» платформасы арқылы қызмет көрсеткен 81 кәсіпкерден сенімді тұлғалар арқылы 55 млн теңгеден астам қаражат алған деген күдікке ілінген.
Фонд-бюро расследования коррупции