Ақмола облыстық аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті инспекциясының басшысы Манат Әбдірахманов зеренді ауданының Доңғалағаш ауылындағы сиырлар мен бұзаулардың қырылуына жемдік улану себеп болғанын мәлімдеді.
Өңір әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Доңғалағаштағы ірі қара малдың қырылу жағдайы бақылауда. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша жануарлардан аса қауіпті жұқпалы аурулар анықталмады.
Әбдірахмановтың айтуынша, малдың қырылуы қараусыз жайылумен байланысты.
«Мал қараусыз жайылады, жануарлар қоқыс үйінділеріне кіріп, денсаулыққа қауіпті қалдықтарды теріп жейді», — делінген хабарламада.
Зертханалық зерттеулер үлгілерде пестицидтердің бар екенін көрсеткені атап өтіледі. Диагноз – жемдік улану.
Инспекция басшысы қалған жақын маңдағы ауылдарда жағдай тұрақты, мұндай оқиғалар тіркелмегенін сендірді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін атап өтілгендей, Доңғалағаш ауылында кемінде 28 сиыр мен бұзау қырылды, тағы тоғыз жануарды иелері мәжбүрлі түрде сойды. Жергілікті тұрғындар жануарлардың «қорқынышты азаппен өлгенін» хабарлады.
Сиырлар мен бұзаулар алдымен кенеттен жем мен судан бас тартқан, содан кейін оларда қатты әлсірететін диарея басталып, өлгенге дейін жалғасқан. Ауру жеті үйде тіркелген, ал толық сау мал тек екі шаруашылықта ғана қалды.
Фонд-бюро расследования коррупции