№2 аудандық соты Алматы Медеу ауданының «Қалалық ветеринария қызметі» ШЖҚ МКК директоры М. Жүнісовке және осы кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы Р. Жапарханға үкім шығарды.
Антикор баспасөз қызметінің мәліметінше, олар жануарлардың індетін анықтауға арналған тест-жүйелерін сатып алуға бөлінген, бірақ жеткізілмеген бюджет қаражатын жымқыруда кінәлі деп танылды.
Нәтижесінде сот оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, оны орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуді белгіледі.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында 7 ветеринарлық дәрігердің құжаттарды қолдан жасауға, жануарларды есепке алудың ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтер енгізуге, сондай-ақ заңсыз сыйақы алуға күдіктелгені хабарланған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции