Skip to main content

Ұлытау облысындағы балабақшалар нанды бағасы 5 есеге қымбат сатып алған

Submitted by Вера Александрова on

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Ұлытау облысының жалпы білім беру ұйымдарында азық-түлік және бірінші кезектегі тауарларға бағаны негізсіз көтеру фактілерінің жолын кесті. 

ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, Жезқазғанның 12 мектепке дейінгі ұйымында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМБАТ) қымбат бағамен сатып алынған. 

Зауыт өндірушіден соңғы тұтынушыға дейінгі ӘМБАТ бағасындағы айырмашылық: 

  • нан - 274% (475 тг/дана 85 тг/дана қарсы); 
  • қант - 147% (750 тг/кг 303 тг/кг қарсы); 
  • қарақұмық жармасы - 150% (580 тг/кг 232 тг/кг қарсы); 
  • майлылығы 2,5% айран - 135% (450 тг/л 179 тг/л қарсы); 
  • тауық жұмыртқасы - 51% (65 тг/дана 43 тг/дана қарсы).

«Нәтижесінде жеткізушімен қосымша келісімдер жасалып, оның қорытындысы бойынша 12 ӘМБАТ атауына бағаның төмендеуі қамтамасыз етілді, атап айтқанда: нан, ұн, қант, өсімдік майы, айран, қарақұмық, күріш, сәбіз, пияз, тұз, жұмыртқа және картоп», - деп мәлімдеді ведомствода.

Үнемдеу сомасы 17 млн теңгеден асқаны хабарланды. 

Еске салайық, бұған дейін ҚМА Астананың мектепке дейінгі ұйымдарына жеткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМБАТ) бағаны көтеру фактілерін анықтаған болатын. 

Сонымен қатар ведомство ШҚО-да ӘМБАТ себетіндегі азық-түлік өнімдерінің сатып алу құнын төмендетті. Сонда ШҚО білім басқармасының Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы кәсіпкерден ӘМБАТ-ты қымбат бағамен сатып алғаны анықталды. Нәтижесінде сәбіздің сатып алу құны 35%-ға (325 теңгеден 242 теңгеге дейін), қырыққабаттың құны 60%-ға (380 теңгеден 238 теңгеге дейін) төмендетілді. 

Сонымен қатар, былтырғы сәуірде ҚМА Қарағанды облысында жұмыртқаға қосымша үстемеақыны анықтап, картоп бағасын төмендетті. Осыдан басқа ведомство Жезқазғанда қантқа, Қызылорда облысында күрішке, Абай облысында айранға қымбат бағаны анықтады. 

Сондай-ақ белгілі болғандай, Алматы облысында жеткізуші нанды 140 теңгеден сатып алып, Балалар үйіне 354 теңгеден (153% үстемеақымен) жеткізген.