Фактілер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (ӘМБАТ) шамадан тыс жоғары бағамен сатып алу фактілерін Алматы облысындағы Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығында Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) анықтады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта Орталықта 120-дан астам кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде. Агенттік жеткізушінің нанды 140 теңгеге сатып алып, балалар үйіне 354 теңгеге (153% үстемемен) жеткізгенін анықтады.
Сонымен қатар балаларға қарақұмық жармасы – 145% үстемемен (281 тг/кг-ға қарсы 687 тг/кг), күнбағыс майы – 63% (600 тг/л-ге қарсы 977 тг/л), құмшекер – 38% (350 тг/кг-ға қарсы 480 тг/кг) жеткізілген.
Бұл ретте қолданыстағы заңнамаға сәйкес ӘМБАТ-қа шекті сауда үстемесінің мөлшері 15%-дан аспауы тиіс екендігі атап өтілді.
Нәтижесінде жеткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Орталықпен жасалған жеткізу шарты бойынша бағалар қайта қаралып, 1,3 млн теңгеге төмендетілді.
«Сондай-ақ Агенттік қабылдаған шаралар аясында өңірдегі бірқатар балабақша жеткізушілермен сатып алу бағасын 3,9 млн теңгеге төмендету туралы қосымша келісімдер жасасты», — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚМА ШҚО-да ӘМБАТ себетіндегі азық-түлік өнімдерінің сатып алу құнын төмендеткен. Сонда анықталғандай, ШҚО білім басқармасының «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы» КММ кәсіпкерден ӘМБАТ-ты шамадан тыс жоғары бағамен сатып алған. Нәтижесінде сәбіздің сатып алу құны 35%-ға (325 теңгеден 242 теңгеге дейін), қырыққабаттыкі (380 теңгеден 238 теңгеге дейін) 60%-ға төмендетілді.
Сонымен қатар, өткен жылдың сәуірінде ҚМА Қарағанды облысында жұмыртқаға үстеменің асып кетуін анықтап, картоп бағасын төмендеткен. Одан бөлек, ведомство Жезқазғанда қантқа, Қызылорда облысында күрішке, Абай облысында айранға шамадан тыс жоғары бағаларды анықтады.
Фонд-бюро расследования коррупции