Skip to main content

Улытау облысы мәдениет басқармасының басшысы қайтадан сотталды

Submitted by Вера Александрова on

Жезқазған қалалық соты Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Омар Ә.С. қатысты үкім шығарды. 

Антикор баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, сотталушы жалпы сомасы 2,3 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп танылды. 

Мемлекеттік мекеме басшысы мұражайтанушы мамандар мен басқа да ғалымдардың мақалалар жинағын басып шығару бойынша орындалмаған жұмыстар үшін заңсыз қаражат иемденген. 

Еске салайық, биылғы жылдың наурыз айында Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшылары 2 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін 6 жыл бас бостандығынан айыруға сотталды

Пара жалпы қамқорлық жасау және облыс аумағындағы ежелгі қорымдар ауданында археологиялық қазба жұмыстары бойынша келісімшарт актілеріне қол қою үшін берілген. 

Бірінші үкімді ескере отырып, сотталушыға 6 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жиынтық жаза тағайындалды.