Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті (ЖРБД) басшысын ұстады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, шенеунік Түркістан тұрғынынан 1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Пара жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді ресімдеуге жәрдемдескені үшін берілген.
Сот санкциясымен ағымдағы жылдың 28 маусымында күдікті қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері жергілікті мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысын ұстаған болатын. Ол жер қатынастары саласындағы алаяқтыққа күдікті, көлемі 750 млн теңгеден асады.
Фонд-бюро расследования коррупции