Желіде СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) бастығы Әділет Мұстафиновты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері ұстағаны туралы ақпарат таралуда.
БАҚ оны 1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен қызметтік кабинетінде ұстағанын жазады.
Өз кезегінде zakon.kz Антикорда полиция шенеунігінің қамауға алынуы туралы ақпаратқа түсініктеме берілгенін хабарлайды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында СҚО бойынша ҚАЖД бастығы ұсталғанын растайды», – делінген хабарламада.
Ведомство мәліметтерді кейінірек ұсынатынын уәде етті. Белгілі болғандай, Әділет Мұстафинов СҚО бойынша ҚАЖД бастығы қызметін 2023 жылдың мамыр айынан бастап атқарып келеді.
Фонд-бюро расследования коррупции