Алматы облысының прокуратурасы мамандандырылған айыппұл тұрағында орналасқан тәркіленген мүліктің тоналғанын анықтады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, мәселе «Volvo FH» маркалы тіркемесі бар тягачқа қатысты, оның жалпы құны 100 млн теңгеден асады. Бұл көлік бұрын әкімшілік іс жүргізу шеңберінде тәркіленіп, мемлекет кірісіне алынуға тиіс болған.
Алайда, тұрақта сақтау кезінде тягач бөлшектеліп, жинақтаушы бөлшектері ұрланған.
Сонымен қатар, прокурорлар тәркіленуге жататын мүлікті жасыру фактісін анықтады. Қылмыстық іс шеңберінде 8 млн теңге тұратын «Mercedes E350» автокөлігі күдіктінің әкесіне сақтауға берілген. Кейін сот көлікті мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім шығарған.
Осыған қарамастан, күдіктінің әкесі сақтау міндеттемелерін орындаудан жалтарып, көлікті жасырған.
«Анықталған бұзушылықтар түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін сотқа дейінгі тергеу органдарына жіберілді», - деп атап өтті ведомствода.
Фонд-бюро расследования коррупции