Skip to main content

Алматы қоймасының қызметкерлері Қытайдан әкелінген 200 млн теңгелік тауарларды ұрлады деген күдікке ілінді

Submitted by Вера Александрова on

Алматы-1 станциясы полициясының желілік басқармасы Қытайдан келген тауарларды ұрлаған уақытша сақтау қоймасы (УСҚ) қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
 
Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер контейнерлердің ішіндегісі туралы ақпаратқа қол жеткізе отырып, ұрланған заттарды жергілікті базарларда сатқан. Отандық және шетелдік компаниялар 200 млн теңгеден астам мөлшерде шығынға ұшыраған.
 
Жетісу көлік прокуратурасы істі сотқа жолдады.