Ақкөлде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы мен жергілікті ЖШС директоры 8 млн теңге жымқыру және мемлекетке залал келтіре отырып, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін сотталды.
Ақмола облысы соттарының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылы ТҮКШ бөлімі мен ЖШС қазандықтарды жөндеу бойынша келісімшарт жасасқан.
Кейін кәсіпкер үш жылыту қазандығын орнату бойынша орындалған жұмыстардың жалған актілерін жасаған, алайда ешқандай жұмыс жүргізілмеген. Осыған қарамастан, ТҮКШ бөлімінің басшысы актілер мен төлем шоттарына қол қойған.
Сот әрқайсысына пробациялық бақылау белгілей отырып, 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар бөлім басшысына мемлекеттік қызметте лауазымдар атқаруға, ал ЖШС директорына басшылық және материалдық жауапты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.
Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында Степногорск ТҮКШ бөлімінің бухгалтерия маманы мен оның сыбайласына үкім шығарылған болатын. Олар 43 млн теңге жымқыруда кінәлі деп танылды.
Фонд-бюро расследования коррупции