Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мұғалжар ауданы құрылыс бөлімінің басшысына және аудандық мәслихат депутаттарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, олар әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй ретінде 70 пәтерлі жатақхананы сатып алу арқылы 672 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінген.
Тергеу соты күдіктілерге қатысты күзетпен ұстау және үй қамағы түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Күдіктілердің ақшасы мен мүлкіне 640 млн теңгеден астам сомаға тыйым салынды. Сонымен қатар, тергеу аясында олар 359 млн теңге көлеміндегі материалдық залалдың бір бөлігін ерікті түрде өтеді.
Еске салайық, өткен жылдың қараша айында Ақтөбе облысында бірнеше құрылыс салушы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Мысалы, «Андора Констракшн» ЖШС директоры жергілікті атқарушы органнан үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алмай, жалған келісімшарттар арқылы 25 азаматқа 313 млн теңгеге пәтер сатқан. Атырау қаласының №2 соты оны кінәлі деп танып, 5 жыл бас бостандығынан айыруға соттады.
Фонд-бюро расследования коррупции