Skip to main content

Солтүстік Қазақстан облысындағы аудандық әкімдіктің шенеуніктері 10 млн теңге көлеміндегі пара алғаны үшін сотталды

Submitted by Вера Александрова on

Солтүстік Қазақстан облысында парақорлық үшін Тайынша ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары мен жергілікті кәсіпкер сотталды.

Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, аудан әкімінің орынбасары және ТКШ бөлімінің басшысы жол жөндеу жұмыстары бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін кәсіпкерден 10 млн теңге көлемінде пара алған.

Іс бойынша айыпталушылар өз кінәсін жоққа шығарды, жасаған істеріне өкінбеді.

Нәтижесінде Петропавл қалалық соты оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойы тыйым сала отырып, 3 жыл 6 айдан 7 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сотталғандар жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Шымкентте 700 млн теңге жымқырғаны үшін Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы сотталған еді.