Skip to main content

Тимур Турловтан 18,9 млн еуро және $2 млн сомасындағы мүлік тыйым салынды

Submitted by Вера Александрова on

Нижегород облысының Төрелік соты РФ Freedom Holding Corp директоры Тимур Турловтың және «Ассоциация» банкінің пайдасына Депозиттерді сақтандыру агенттігі (ДСА) талап арызы бойынша басқа да жауапкерлердің мүлкін тыйым салды. 

«Интерфакс» мәліметінше, сот Турловтың ақша қаражаты мен өзге де мүлкіне 18,9 млн еуро және $2 млн көлемінде тыйым салды. Тізімге «Марин Оперешн Сервисиз» ЖШС-дегі (49%) үлестің жартысына жуығы да кіреді. 

Турловпен бірге іс бойынша жауапкерлер ретінде Станислав Машагин, Марина Косырева және Ольга Артемьева өтеді. Олардың мүлкі мен ақша қаражатына да дәл осындай сомалар шегінде ұқсас тыйым салынды. 

bes.media мәліметінше, өз кезегінде Freedom Holding Corp. негізін қалаушы мүлікке тыйым салынғаны туралы ресми растама алмағанын мәлімдеді.

«Мен БАҚ-тан ДСА тарапынан маған қатысты шағымдар бар екендігі туралы хабарды естіп, қатты таң қалдым. Менің қолымда ДСА-ның талап арызының бар екендігі туралы ресми растау жоқ. Жеке өзім ешқашан «Ассоциация» банкімен ешқандай мәмілеге тартылмағанмын және оның атынан ешқандай мәміле жасауға уәкілетті тұлға болмағанмын. Сонымен қатар, мен ешқашан «Ассоциация» банкімен байланысты болмағанмын және осы ұйымның ешбір қызметкерімен жеке таныс емеспін. Бұл біздің компанияларымыздың біреуінің қазынашылығы жасаған күнделікті нарықтық мәмілелер туралы болуы мүмкін деп болжауға болады. Заңгерлер талап арызбен танысу мүмкіндігін алғаннан кейін жұмысқа кіріседі», - деп Тимур Турловтың сөзін Freedom Holding баспасөз қызметі журналистердің сұрауына жауап ретінде келтірді.

13 наурызда, шоттарға тыйым салу туралы әлі хабарланбаған кезде, Kursiv басылымы мырза Турловтың дәл осындай мәлімдемесін жариялағаны атап өтіледі. 

Еске салайық, бұрын хабарланғандай, ДСА Нижегород облысының Төрелік сотына «Ассоциация» банкінің активтерін шығаруға қатысқан тұлғалардан залалдарды өндіріп алу туралы өтінішпен жүгінді. Олардың арасында Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры Тимур Турлов та көрсетілді.