Талдықорған прокуратурасы жеке сот орындаушыларының (ЖСО) нақты табыстары мен олардың 2023 жылға арналған салық декларацияларында көрсетілген деректер арасындағы елеулі сәйкессіздіктерді анықтады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖСО-ның бір бөлігі салық салынуға тиіс сомаларды едәуір төмендетіп көрсеткен, бұл оларға салықтарды толық көлемде төлеуден жалтаруға мүмкіндік берген.
Хабарланғандай, өткен жылы аяқталған атқарушылық іс жүргізу көлемі 896,1 млн теңгені құрады. Алайда, берілген декларацияларда жеке сот орындаушылары тек 231 млн теңгені көрсеткен. Айырмашылық 665,1 млн теңгені құрады.
Прокуратура ұсынымы енгізілгеннен кейін үш ЖСО нақтыланған декларацияларды тапсырып, бюджетке қосымша 2,6 млн теңге салық төледі. Тағы 17 жеке сот орындаушысынан ұқсас бұзушылықтар анықталды. Қазір уәкілетті орган ЖСО-ның салық берешегін өндіріп алу шараларын қабылдап жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында анықталған 25 сот орындаушысы 133,5 млн теңге сомасындағы табысты жасырып, бұл 13,2 млн теңге көлемінде салық төленбеуіне әкеп соққан.
Фонд-бюро расследования коррупции