Жезқазған прокуратурасы мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы сақтауын тексерді.
«Қолданыстағы заңнама талаптарына қайшы, жергілікті атқарушы органдар әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуларға қатысуын шектейтін және қиындататын біліктілік талаптарын белгілеген», - деп хабарлады Ұлытау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша жалпы құны 2,6 млрд теңгеден асатын 6 конкурс күшін жойды, 15 лауазымды тұлғаға 904 540 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сонымен қатар, аталған бұзушылықтар үшін қала әкімінің орынбасары, ТКШ бөлімінің басшысы және басқа да лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Еске сала кетейік, наурыз айында хабарланғандай, СҚО-да үш ай ішінде 3,3 млрд теңгеге 11 мемлекеттік сатып алу күшін жойылды. 17 лауазымды тұлға, оның ішінде мемлекеттік қызметті беделін түсіргені үшін 6 адам жауапкершілікке тартылды. Оның 3-еуі жұмыстан шығарылды.
Сәуір айында белгілі болғандай, Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжіметденов Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік сатып алуларынан жалпы сомасы 569 млн теңге артық төлемдерді анықтады. Ол министрлікке қатысты мемлекеттік сатып алулар бойынша тексеру жүргізуді талап етті.
Фонд-бюро расследования коррупции