9 қаңтарда Алматы қаласының Бостандық аудандық соты «Алматы Су» коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментінің директоры Максат Жолдыбаевқа үкім шығарды.
Антикор баспасөз қызметінің мәліметінше, ол кәсіпкерден орындалған жұмыс актілеріне қол қою және бюджет қаражатын аудару сылтауымен 75 млн теңге ұрлауға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Келісімшарт қаланың кәріз жүйелері мен сумен жабдықтау желілерін күрделі жөндеу жұмыстарына қатысты болған.
Бастапқыда Жолдыбаевқа коммерциялық және қаржылық ұйымдарда басшылық лауазымдарды 5 жылға атқаруға тыйым салып, 5 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Алайда прокурорлар бірінші сатыдағы соттың үкіміне наразылық білдірді. Нәтижесінде Алматы қалалық сотының сот алқасы Жолдыбаевқа бас бостандығынан шектеу мерзімін нақты жазамен ауыстырып, оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушы сот залында қамауға алынды.
Еске сала кетейік, Максат Жолдыбаевтың ұсталғаны туралы өткен жылдың сәуірінде белгілі болды. Ол жергілікті кәсіпкерден жұмыс істелді деген актілерге қол қою үшін 75 млн теңге (келісілген 345 млн теңгеден) алғаны атап өтілді.
Фонд-бюро расследования коррупции