Талдықорған қалалық сотында «Жетісу» футбол клубының бұрынғы директоры Қалмұхамет Дөнсебаевқа үкім жарияланды.
Антикордың баспасөз қызметінің мәліметінше, ол 31,9 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Ақша оқу-жаттығу жиындары кезінде клуб футболшыларының тамағына бөлінген еді.
Залал толық өтелгені және ауыр ауруының болуына байланысты Дөнсебаев 7 жыл бас бостандығын шектеуге және мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды өмір бойы атқаруға тыйым салынғаны атап өтілді.
Еске сала кетейік, Қалмұхамет Дөнсебаев өткен жылдың маусым айында ұсталған болатын. Қамауға алу себептері сол кезде хабарланбады, алайда бірқатар БАҚ Антикорға сілтеме жасап, Дөнсебаев 85,4 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгенін жазған еді.
Тамыз айында «Жетісу» ФК-ның спорт директоры Дәулет Иманқұлов 5,5 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Фонд-бюро расследования коррупции