Skip to main content

Алматылық пара беруге итермелегені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Submitted by Вера Александрова on

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматы тұрғынына үкім шығарды.

Антикор баспасөз қызметінің мәліметінше, ол алаяқтық және кәсіпкерді облыстық әкімдіктің лауазымды тұлғаларына 50 млн теңге көлемінде пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

Пара «Чапаев – Жанғала – Сайхин» автомобиль жолын күрделі жөндеу бойынша шарттың жалпы сомасының 30% мөлшеріндегі авансты төлеуге арналған. 

Нәтижесінде сот алматылықты кінәлі деп танып, оған 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын және мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салуды тағайындады.   

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтауда қалалық соттың бұрынғы төрағасы Бауыржан Шайдуллинге және жеке сот орындаушысы Ринат Жанақметовке үкім шығарылған болатын. 

Олар алаяқтық және сотталушыны 20 млн теңге көлемінде пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды. Пара жазаны жеңілдету үшін арналған. Сот орындаушысы ақшаны беру кезінде делдал рөлін атқарған.