Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы үш мыңнан астам жұмысшының еңбек құқықтарын қалпына келтірді.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласының жұмыс берушілері 553 жұмысшыға 103,7 млн теңге көлемінде жалақы берешегін жіберіп, ҚР Еңбек кодексінің 113-бабының талаптарын бұзған.
Есіл және Уәлиханов аудандарында басқа да бұзушылықтар анықталды. Онда білім беру мекемелерінің 282 қызметкері Еңбек кодексінің 182-бабына қайшы, жеке қорғаныс құралдарымен және арнайы киіммен қамтамасыз етілмеген. Мақта матадан жасалған халаттар, қолғаптар, отқа төзімді сіңдірілген алжапқыштар және басқа да қорғаныс элементтері туралы сөз болды.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалақы бойынша берешек толығымен өтелді, ал жұмысшылар арнайы киім алды. Кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері СҚО прокуратурасы 3 082 жұмысшының еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз етті.
Еске сала кетейік, бұрын хабарланғандай, жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары елдің 257 кәсіпорнында жалақы бойынша берешектерді анықтады. 3,7 мыңнан астам жұмысшы жалпы 1,4 млрд теңгеден астам соманы алмаған.
Фонд-бюро расследования коррупции