(6 наурыз 2026 | Дереккөз: ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі)
Қазақстанда мемлекеттік еңбек инспекторлары ел кәсіпорындарында жалақы бойынша берешек және басқа да бұзушылықтарды анықтады. Тексерулер төлемдерді кешіктіру және еңбек заңнамасының талаптарын сақтамау жағдайларын көрсетті.
ЖАЛАҚЫ БОЙЫНША БЕРЕШЕК
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ЕХӘҚМ) мәліметі бойынша, 2026 жылғы 1 наурызда 102 кәсіпорында жалақы бойынша берешек анықталды.
408 жұмыскер алдындағы жалпы қарыз сомасы 284 млн теңгеден астамды құрады.
Тексеру қорытындысы бойынша ұйым басшыларына орындалуы міндетті 707 нұсқама берілді. Сондай-ақ 89 млн теңгеден астам сомаға айыппұлдар салынды.
ЖҰМЫСКЕРЛЕРГЕ ҚАНША ҚАРАЖАТ ТӨЛЕНДІ
Жүргізілген тексерулерден кейін берешектің бір бөлігі өтелді. Ведомствоның мәліметі бойынша, 354 жұмыскердің құқықтары қалпына келтірілді — оларға 253 млн теңге төленді.
ТЕКСЕРУЛЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАЛҒАН БҰЗУШЫЛЫҚТАР
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 1125 тексеру жүргізді. Олардың барысында 1228 бұзушылық анықталды, оның ішінде:
- еңбек қатынастары саласында — 1055;
- қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша — 161;
- халықты жұмыспен қамту саласында — 12.
Қабылданған шаралар нәтижесінде, ведомствоның мәліметі бойынша, 11 354 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды.
Фонд-бюро расследования коррупции