Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы жалпы ауданы 146 мың гектардан асатын 75 жер учаскесін мақсатына сай пайдаланылмағанын анықтады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақжар, Есіл, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының, сондай-ақ Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның жер пайдаланушылары 45 ауыл шаруашылығы учаскесін ұзақ уақыт бойы мақсатты пайдаланбаған.
Петропавлда кәсіпкер коммерциялық мақсатқа арналған ауданы 123 га жер учаскесін үш жыл бойы пайдаланбаған.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жалпы ауданы 33,2 мың гектар, кадастрлық құны 29,8 млрд теңге болатын 36 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
«Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар қайтарылған жерлерді адал жер пайдаланушыларға беру бойынша жұмыс жүргізуде. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Абай облысының прокуратурасы кадастрлық құны 516 млн теңге болатын пайдаланылмаған 42 мың гектар жер учаскесін мемлекетке қайтарған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции