Шымкент қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында автокөліктің капотына полицейді алып жүрген жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, ол ҚК 380-бабы 5-бөлігімен (өзінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты билік өкіліне өміріне немесе денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылық көрсету) айыпталды.
Тергеу анықтағандай, қаңтар айында патрульдік-бекет полицейі Шымкент тұрғынын көлік тізгіндеп келе жатқан жерде тоқтатқан.
Қысқа әңгімеден кейін патрульдік жүргізушіге бағдаршамның тыйым салу сигналына өткені үшін хаттама толтырылатынын ескерткен, алайда азамат көлікке отырып, кетуге әрекеттенген.
Полицейдің жолын бөгеп, ол көлік капотына құлаған, осыған қарамастан айыпталушы оны капотта біраз қашықтыққа алып жүрген.
Кейін анықталғандай, іске қатысты адам есірткілік мас күйінде қылмыс жасаған. Нәтижесінде сот жүргізушіні кінәлі деп танып, оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Фонд-бюро расследования коррупции