Skip to main content

Шымкентте қайтарылған активтер есебінен ерекше балаларға арналған жатақхана салынып жатыр

Submitted by Вера Александрова on

Шымкентте сөйлеу және басқа да бұзылыстары бар балалар оқитын көмекші мектеп-интернат-колледжі үшін 300 орындық заманауи жайлы жатақхана салынуда. Қаржыландыру қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылуда.

Қала прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жатақханада барлық қажетті жағдайлар қарастырылған: медициналық кабинет, спорттық үй-жайлар, демалыс бөлмелері және басқа да үй-жайлар.

Жобаны ағымдағы жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланған. Жобаны іске асыру мерзімдері мен құрылыс жұмыстарының сапасы Шымкент прокуратурасының бақылауында.

«Халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға тікелей әсер ететін жайлы жағдайлар жасау мақсатында заңсыз шығарылған активтерді ел игілігіне қайтару және пайдалану бойынша мақсатты жұмыс жалғасуда», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын Қазақстанда заңсыз шығарылған активтерден қайтарылған қаражат есебінен әлеуметтік нысандарды салу және жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылып жатқаны хабарланған болатын.

Бүгінгі таңда жалпы сомасы 318 млрд теңгеге 406 жоба мақұлданды. Оның 333 жобасы іске асыру сатысында тұр. Негізгі назар білім беру, денсаулық сақтау, спорт және сумен жабдықтауды дамытуға аударылғаны атап өтілді: 9 білім беру нысаны, 3 спорт құрылысы, 162 медициналық нысан және 159 су инфрақұрылымы жобасы салынуда.