Шымкентте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесі үш жалған полиция қызметкерін ұстады, олар қала тұрғындарына күш қолданып, ірі ақша сомасын иемденген.
polisia.kz мәліметінше, қылмыскерлер өздерін полиция қызметкерлері ретінде көрсетіп, жүйелі түрде ақша бопсалаған, сондай-ақ қамқорлық үшін ай сайынғы төлем талап еткен.
Олардың біреуінен жалған қызметтік полиция куәлігі алынғаны хабарланады. Сондай-ақ, тағы бір күдіктінің бұрын алаяқтық үшін сотталғаны белгілі болды.
«Мұндай әрекеттер өз боржын адал атқаратын ішкі істер органдарының қызметкерлерін беделсіздендіреді. Сондықтан мұндай фактілер қатаң түрде жолын кесіледі. Олардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау, тонау және билік өкілі атағын өз бетінше иемдену фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта олардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы тексерілуде. Күдіктілерге 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қауіп төндіреді.
Фонд-бюро расследования коррупции