Талғар қаласының шетінен өлтірілген Шерзат Полаттың ағасының мәйіті табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол өзін асып, өмірін өз қолымен қиған.
Алматы облысы полиция департаменті хабарлағандай құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.
«Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеудің осы кезеңінде қылмыстық сипаттағы қандай да бір белгілер анықталған жоқ», - делінген хабарламада.
Қазан айында қайтыс болған Шерзаттың отбасы осы уақыт бойы полиция қызметкерлерінің күзетінде болғаны атап өтіледі.
«Осы уақыт ішінде қайтыс болған адамның отбасына қандай да бір қауіп төнгені тіркелген жоқ. Күзеткен қызметкерлердің түсіндірмелерінен ер адамның күзетілетін нысаннан сағат 23:30-да шығып, жеке көлігімен кеткені анықталды», - деп хабарлады полиция.
Еске сала кетейік, 4 қазанда Талғарда дүкендердің бірінің жанында бұқаралық төбелес болып, оның кезінде 16 жастағы Шерзат Полат пышақ жарақатынан қайтыс болды, тағы екі адам дене жарақаттарын алды.
12 қазанға қараған түні қайтыс болған жасөспірімнің отбасының үйі өртенді. Осы оқиғадан кейін бірден құқық қорғау органдары жедел штаб құрып, отбасын күзетке алды. Өрт орнынан канистр мен қолғап табылды. ІІМ Шерзатты өлтіру ісі бойынша күдіктілер ретінде 11 адам өтіп жатқанын хабарлады.
Фонд-бюро расследования коррупции