Жетісу облысы Жаркент қаласындағы әскери бөлімнен өлі күйінде табылған офицер Дархан Дәулеттің туыстары оны мерзімді қызметтегі сарбаздар өлтірген деп мәлімдеді.
KTK деректері бойынша, қайтыс болған офицердің апайы Гүлмира Сабырова офицерді буындырып өлтіргенін айтты.
«Объектілердің диверсияға қарсы қауіпсіздігі бойынша жоспардан тыс сабақтар өткізу кезінде капитан Дәулет Дархан қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша, тұншықтырудан. Сараптама бойынша, оның аузын шүберекпен бекітіп, буындырғаны анықталды», - деп хабарлады Сабырова.
Сонымен қатар, ол Дархан Дәулеттің қолын байлап, буындырып өлтіргені туралы хабарлама алғанын айтты. Кейін аға лейтенант офицердің денесін тапқаны белгілі болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай, Жетісу облысы Жаркент гарнизонының офицері диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақтар өткізу кезінде қайтыс болды. Сол кезде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан ол өмірмен сыйыспайтын жарақаттар алғаны айтылған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции