Мамандар Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық паркі экология және табиғи ресурстар министрлігінен орманды санитарлық кесуге қаржы бөлуді сұрап отыр.
Astana TV деректері бойынша, орманшылар қорықтың кейбір жолдарын ағаштар мен бұтақтар басып қалғанын, төтенше жағдай болған кезде өрт сөндіру техникасының өте алмайтынын айтты.
Өз кезегінде аудандық мәслихат депутаты Дәурен Кәлібеков құлаған ағаштар әртүрлі зиянкестердің көбеюіне себеп болады, ал қурап қалғаннан кейін өрт көзіне айналуы мүмкін деп есептейді.
«Міне, осы жердегі жолды тазалау керек, Сарайта учаскесіне дейін шамамен 12 км. Бұл тек осы жерде ғана емес, бүкіл ұлттық парк аумағында. Өрт сөндіру көліктерінің өтуі үшін барлық жолдарды толығымен тазалап, қалпына келтіруге қаражат қажет», - деді депутат.
Сонымен қатар, орманшылар санитарлық тазалау деген желеумен ағашты сату үшін кесу кезеңі өтіп кеткенін айтады. Олардың пікірінше, ерекше қорғалатын аумақтардағы толық тыйым салу қайта қаралуы керек.
Сонымен бірге, егерлер санитарлық кесу - бұл орманды сауықтыратын күтімнің міндетті бөлігі деп санайды.
Еске сала кетейік, былтырғы жылдың маусым айында Абай облысының ормандарында үлкен өрт болып, салдарынан «Семей Орманы» орман табиғи резерватының 14 қызметкері қаза тапты. От бірегей реликті қарағайлы алқаптың 63 мың гектардан астамын жойды. Зиян 160 млрд теңгеден асты.
Фонд-бюро расследования коррупции