Skip to main content

Павлодар облысының аумағындағы дала өрті оқшауланды

Submitted by Вера Александрова on

ТЖМ Павлодар облысы Баянауыл ауданы аумағындағы өрттің оқшауланғанын хабарлайды. Қазіргі уақытта «шөп жамылғысының жергілікті өрт ошақтарын жою» бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Еске сала кетейік, 6 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қоянды ауылы маңында құрғақ шөп өртеніп, үлкен дала өртіне әкелді. 

Өрт тез таралып, көп ұзамай Павлодар облысындағы «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» аумағына ауысты.

Алдымен өрт ауданы 3 000 гектардан астам болғаны хабарланды. Алайда көп ұзамай Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өрт ауданы 6 000 га-ға дейін өскенін мәлімдеді. Соңғы деректер бойынша, Павлодар облысында өрт 10 000 га аумақты қамтыды.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті сөндіруге 239 адам, 42 бірлік техника, екі әуе кемесі және үш ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. 

Құтқарушылар Шалқаркөл көлі мен Желтау кентіндегі ұңғымадан алынған көлемі 64 тонна суға 29 рет су төгіп, тастады.

Сонымен қатар Қарағанды облысында өрт жалғасуда. Кейбір деректер бойынша, жалпы өрт ауданы 21 000 га-дан асуы мүмкін.