Skip to main content

Ресеймен бірлескен ғарыштық жобаға 19,5 млрд теңге бөлуді сұрайды

Submitted by Вера Александрова on

«Бәйтерек» зымыран кешенінің бюджеттік бағдарламасына шамамен 19,5 млрд теңге бөлуді сұрап отыр.
_____________
Анықтама үшін: «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені - бұл Қазақстан мен Ресейдің құрамында улы компоненттері бар отынды пайдаланатын «Протон» зымыранының орнына экологиялық таза зымыран-тасығыштармен Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың ұйымдастырушылық-техникалық құрылымын құру жобасы.

БАҚ деректері бойынша, 2023 жылы «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құруға 6,3 млрд теңге бөлінсе, 2025 жылы оған тағы 13,2 млрд теңге бөлу жоспарлануда.

Қаражат бөлудің мақсаты – аэроғарыш өнеркәсібін дамыту және қолдау, ал міндеті – 2024 жылы зымыран кешенінің дайындығын 25,8% деңгейіне жеткізу.

Шығындар пилотсыз ғарыш бағдарламаларын орындайтын жаңа буын зымырандарын ұшыру үшін жұмыс істеп тұрған «Зенит – М» ғарыштық зымыран кешенін жаңғыртуға бағытталды.

«Жобаны іске асыру ҚР әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізіне айналады және Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы елдер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісі болады, бұл «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құрудың аяқталу деңгейін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және аэроғарыш өнеркәсібін дамыту мен қолдауға әсер етеді», - делінген бюджеттік бағдарлама жобасының сипаттамасында.