Skip to main content

Полиция тәркілеген автокөлік Тараздағы айыппұл тұрағынан жоғалып кетті

Submitted by Вера Александрова on

Таразда Ford Fiesta автокөлігінің иесі бірнеше жылдан кейін полиция 2017 жылдың қазан айында тәркілеп, айыппұл тұрағына жіберген автокөлігінің жоғалып кеткенін білді. 

«HALYQSTAN» Telegram-арнасының мәліметінше, көлік күзет агенттігінің жауапкершілігіне тапсырылған, алайда 2022 жылдың желтоқсанында оның тұрақта жоқ екені анықталған. Автокөліктің қайда екені әлі күнге дейін белгісіз. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Меншік иесі күзет агенттігі оның мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуі керек деп, сотқа жүгінген. Сарапшылар жоғалған автокөлікті 3,4 млн теңгеге бағалаған.

Жауапкер кінәсін жоққа шығарған, алайда автокөліктің тиісті түрде сақталғанын немесе жоғалу оның кінәсіз болғанын дәлелдей алмаған.

Сонымен қатар сот 2017 жылы полицияның автокөлікті айыппұл тұрағына қоюға ешқандай негізі болмағанын анықтаған. Дегенмен, 2019 жылдан бастап көлік күзет фирмасының жауапкершілігінде болып, оған қызмет көрсету кезеңінде жоғалып кеткен.

Нәтижесінде меншік иесінің талап-арызы толығымен қанағаттандырылды: күзет агенттігінен 3,4 млн теңге залал және сот шығындары өндірілді.

Еске сала кетейік, мамыр айында Алматы облысының прокуратурасы мамандандырылған айыппұл тұрағында орналасқан тәркіленген мүліктің тоналған фактісін анықтады
 
Жалпы құны 100 млн теңгеден асатын тіркемесі бар Volvo FH маркалы тягач туралы сөз болды. Бұл көлік бұрын әкімшілік іс жүргізу аясында тәркіленіп, мемлекет кірісіне алынуға жататын. Алайда, тұрақта сақтауда тұрған кезде, тягач бөлшектеліп, қосалқы бөлшектері ұрланған.