Skip to main content

Полиция қызметкері пара алады: бейнежазба Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің назарын аударды

Submitted by Вера Александрова on

17 мамырда әлеуметтік желілерде белгісіз автордың бейнежазбасы пайда болды, онда Алматыда полицейге ақша беру сәті түсірілген. 

Қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомство осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркеген.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған жарияланымға уақытылы ден қойып, шетел азаматына қатысты әкімшілік шаралар қолданбағаны үшін пара алғаны туралы Алматы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді», - делінген хабарламада.