Skip to main content

Петропавл коммуналдық кәсіпорнының директоры 8 млн теңгені жымқырғаны үшін сотталды

Submitted by Вера Александрова on

Петропавл қалалық сотында «Петропавл қаласының Тұрғын үй қызметі» ЖШС директоры мен бас инженеріне қатысты үкім шығарылды.  

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, олар сорғы станциясын, сондай-ақ қаладағы тұрғын үйлердің сумен жабдықтау және жылу жүйелерін жөндеуге бөлінген 8 млн теңгені жымқырды деп айыпталған.

«Мұндай істердің салдары әрдайым залал сомасынан әлдеқайда кең болады. Ең алдымен – бұл билікке деген сенімге нұқсан келтіру», - делінген хабарламада.

Нәтижесінде сот компания директорын 3 жыл бас бостандығынан айыруға, ал инженерді 2 жылға соттады. Үкім заңды күшіне енді.

Еске сала кетейік, бұрын хабарланғандай, Павлодар облысы Железин ауданының «Көмек» коммуналдық кәсіпорны үш жылдан астам уақыт бойы салық міндеттемелерін орындамаған және 137 қызметкерге әлеуметтік аударымдар мен үстемеақыларды төлемеген. Берешек 66 млн теңгеден асқан.