Жоғары аудит палатасы (ЖАП) Павлодар облысы әкімдігінің бір ведомстволық ұйымы мемлекеттік қаражатты пайдалану кезінде бұзушылықтарды анықтады.
ЖАП баспасөз қызметінің мәліметінше, қаржы министрлігінің қазынашылық комитетін аудиттеу кезінде өңірдегі бір квазимемлекеттік компанияның шотында 3 жылдан астам уақыт бойы 2,1 млрд теңгеден астам сомада пайдаланылмаған қаражат тұрғандығы анықталды.
Осыған байланысты Павлодар облысы әкімдігіне қаражатты одан әрі пайдалану бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
Нәтижесінде 18 наурызда 2 млрд теңгеден астам қаражат бұрын жасалған шарт аясында «Қазақтелеком» АҚ-на аударылды.
«Қосымша 114 млн теңгеден астам қалдықты пайдалану туралы шешім қабылдануда. Бұл мәселе Жоғары аудит палатасының бақылауында қалады, сондай-ақ мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша басқа да тапсырмалардың орындалуы», - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін ЖАП жылумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту кезінде бюджет қаражатының ұтымсыз жұмсалғанын анықтады. Ведомствоның нұсқамасы бойынша 84,4 млн теңге үнемделіп, қосымша негізсіз шығыстардың алдын алуға мүмкіндік туды.
Фонд-бюро расследования коррупции