Павлодар облысының Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) департаменті Екібастұз аумағында электронды вейптер, хош иістендіргіштер және оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымымен айналысқан адамдар тобын анықтады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, тыйым салынған өнімді «VAPE SHOP MAXI MALL» Telegram-арнасы арқылы курьерлік жеткізумен сатқан. Өнім кәмелетке толмағандар, оның ішінде мектеп оқушылары арасында белсенді таратылған.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында құқық қорғау органдары қойма мен сату орындарын анықтап, 5 600 данадан астам вейпті және олардың жиынтық бөлшектерін тәркіледі. Потенциалды табыс 100 млн теңгеден асты. Тергеу жалғасуда.
Жалпы жыл басынан бері ҚМА қызметкерлері вейптердің заңсыз айналымының 32 фактісін анықтап, осындай өнімнің 440 мың данадан астамын тәркілеп, жойды.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысының ҚМА департаменті осыған ұқсас өнімнің заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топты жойды. Сонда қызметкерлер қоймаларды анықтап, 1,6 млрд теңгеден астам сомаға 155 мың данадан астам вейпті тәркілеген болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции